(Жезқазған қалалық психологиялық-медициналық педагогокалық кеңесінің-2003 жылдан 2017 жылға дейін тарихы )

   2001 жылы Қазақстанда денсаулық жылы болып жарияланды. Жыл қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасында Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік , медициналық –педагогикалық көмек көрсету» заңы қабылданды және 2003 жылдың 1 қаңтарынан Қарағанды облысы әкімінің (К.Мухаметжанов) №65 бұйрығы негізінде Жезқазған қаласында аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі ұйымдастырылды. Жезқазған қалалық ПМПК-сы Жезқазған, Сатпаев, Ұлытау ауданы, Қаражал қ. Жайрем кенті аймағын қамтитын 0-18 жас аралығындағы балаларға мемлекеттік қызмет көрсетті. 2016 жылдан Жаңаарқа ауданы Жезқазған қалалық ПМПК –ң құрамына қосылды.

Жезқазған қалалық білім бөлімінің басшысы (білім бөлімінің басшысы Жанаев К.Д.) бұйрығы бойынша ПМПК басшысы болып «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісінің иегері және «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» Құдайбергенова Кенжегүл тағайындалды.

Фото - Кенжегуль Кудайбергеновна

Өзінің қызмет барысында Ұлытау ауданының алыс шеткейлеріндегі «Шеңбер» «Қара құм» «Алғабас» «Мибұлақ» «Борсенгір» «Сары-су» ауылдарына психиатр, невропатолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог қызметкерлерінен тұратын көшпелі кеңестер ұйымдастырылды. Тексеру нәтижелерінде медициналық, педагогикалық түзетулерді қажет ететін балалар Нұр-Сұлтан , Қарағанды, Алматы қалаларының оңалту орталықтарына жолдама берілді.

Балаларды тексеру нәтижесі бойынша білім бөліміне ПМПК басшысы тарапынан келесі шаралар ұйымдастырылды

Инклюзивті білім дамуындағы ПМПК рөлі (Республикалық семинар-отырыстың қатысушылары-2012 ж.)

Республикалық ПМПК басшысы – Ерсарина Алия Касымхановна Қарағанды облыстық ПМПК басшысы -Макашев Абзал Капкенович Жезқазған қалалық ПМПК басшысы –Кудайбергенова Кенжегуль


ҚР Білім және ғылым министрі департаментінің жанындағы арнайы білім беру бөлімінің басшысы - Кудеринова Айгерим Мерекеевна

Қарағанды облыстық ПМПК басшысы -Макашев Абзал Капкенович

Жезқазған қалалық ПМПК басшысы –Кудайбергенова Кенжегуль