«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми – практикалық орталығы»

5.05.2023 ж. «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми – практикалық орталығы» бастамасымен Ұлытау облысы білім басқармасының және Ұлытау облысының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жезқазған қаласында «Психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогы» және «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой-өрісі биік, парасатты, өзіндік жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау. Байқауға Жезқазған, Сатпаев қалаларының және Жаңаарқа ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің дефектолог, психолог, логопед мамандары және жалпы білім беретін мектептердің мамандары мен инклюзивті білім беру бойынша ресурстық орталығының пән мұғалімдері қатысты. Қатысушыларға әділ шешім шығаратын комиссиялар тағайындалды. Байқауда қатысушылар «Таныстырылым», «Үздік сабақ», «МШ баланың ең жақсы даму бағдарламасы», «Үздік әдістемелік кейсі», «Үздік бейне визиткасы» кезеңдері бойынша өздерінің бақтарын сынады. Әр маман ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және түзеп-оқыту, жеке тұлға ретінде қалыптастыру, әлеуметтік ортаға бейімдеу мақсатында жүргізілетін жұмыстарының ерекшеліктерімен бөлісті.

https://www.instagram.com/p/Cr5VcR5O452/

Пікір үстеу