«Ерекше білімді қажеттілігі бар балаларды қорғау және инклюзивті орта құру»

20.04.2023ж. Ұлытау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Жезқазған қ. №3 мектебінде «Ерекше білімді қажеттілігі бар балаларды қорғау және инклюзивті орта құру» тақырыбындағы облыстық оқыту семинары өтті. Семинарға Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының әдістемелік және әдіснамалық бөлімінің әдіскері Аханова Жанбота арнайы шақырылды. Ол «Жалпы білім беретін мекемелерде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау» тақырыбында түсіндірмелі жұмыстар жүргізді.
Семинарға қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері қатысты. Семинардың мақсаты білім беру ұйымдарында инклюзивті орта құру мүмкіндіктерін қарастыру, жетілдіру, тәжірибе алмасуға бағытталған алаң құру. ПМПК басшысы Абдимуратова А.Р. «Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру бағдарламаны еңгізудегі ПМПК рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар Ұлытау облысыны арнайы білім беру мекемелерінің басшылары Ашимова Л.А., Сарбасова Ж.А., Кушкеева Р.А. ерекше білім беруді қажет ететін және мүмкіндігі шектеулі баалаларды оқытып тәрбиелеу мәселесі бойынша ауқымды ақпараттармен бөлісті. Ұлытау облысының әдістемелік орталығының арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысының м.а Токсеитова А.Қ. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық педагогикалық сүйемелдеу мониторингімен таныстырды.

https://www.instagram.com/p/CrSfHuBMo1W/

Пікір үстеу