You are currently viewing Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білімді қажет ететін баланы психологиялық-педагогикалық қолдау

Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білімді қажет ететін баланы психологиялық-педагогикалық қолдау

Ұлытау облысы білім басқармасының ПМПК ұжымы «Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білімді қажет ететін баланы психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында қараша айында облыс бойынша семинарлар өткізу жоспарлады. ПМПК мекемесінде 01.11.2023 ж. көш басын Сатпаев қаласының жалпы білім беру ұйымдары бастады. Семинарға қаланың білім беру ұйымының әдіскері мен жалпы білім беру ұйымдарының педагогтары шақырылды. Іс-шарада ең өзекті мәселелер талқыланып, құңды ақпараттар баяндалды. ПМПК басшысы Абдимуратова А.Р. «Инклюзиті білім берудегі ПМПК-ның рөлі» «Бейімделген және жеке бағдарламалардың ерекшеліктері», ПМПК әдіскері Мулюкова К.С. «Психолого-педагогическое сопровождение ребенка с ООП в условиях общеобразовательной школы», логопед Қайырбекова Г.М. «Психологиялық-педагогикалық кеңестің ұсынымдарын талқылау», психолог Рожнова Е.П. «Особенности развития детей с ЗПР и нарушением интеллекта» тақырыбында баяндамаларын қорғады. Семинар соңында қонақтар мен ПМПК мамандары арасында «ПМПК жағдайында ата-анаға кеңес беру», «Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің  ата-анаға кеңес беруі» тақырыбында ситуациялық жағдайлар өткізілді. Қонақтармен ашық пікірталас өткізіліп, мәселелерді шешуге ұсынымдар мен кеңестер берілді.

Пікір үстеу