Сәлеметсіздерме құрметті оқырмандар!

Сәлеметсіздерме құрметті оқырмандар! 6.03.2023ж. ПМПК ұйымында «Іңкәр жүрек» аналар мен балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекеге ерекше балалар мен аналар, Ұлытау облысының білім басқармасының бас мамандары және М.Құлышева атындағы балаларды қолдау орталығының басшысы қатысты. Мереке ерекше форматта өтті. Ата-аналарға мерекелік концерт жүргізілсе , балаларға ойын сауық ұйымдастырылды. Республикалық балалар фестивалінің «Жүрек жылуы» вокалистер байқауының 1 орын иегері Лознуха Алекандр өнерін көрсетті. Сонымен қатар балаларды қолдау орталығының бишілері билерімен тамашалатты. Арнайы шақырумен келген «Көркем» би ансамблінің бүлдіршіндері аналалар мен балаларды қуантты. «Данышпан» дамыту клубының басшысы Кауынова Маржан клуб аниматорларымен бірге балаларға қызықты сауықтыру ойындар көрсетті. Ерекше баланы өсіріп отырған аналарға облыстық білім басқармасы Алғыс хат ұсынды. Мерекенің соңы дастарғанға ұласты. Балалар аналарымен бірге тәтті шайға отырды. Мереке өте әсерлі болды. Аналар көңілдеріндегі қуаныштарымен бөлісті. Балалар әдемі сыйлықтар алды. Әр баланың жүздеріндегі күлкі бойға қуат беретіндей әсер берді. Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш — бала сүю. Сәбилер таза да пәк жаратылыс. Бала жанды биелер құлындарын теппейді, бала жанды адамды бала айналып кетпейді дегендей мерекеге ат салысқан демеуші азаматтарымызға рахметіміз шексіз.

https://www.instagram.com/p/Cpwkno_IOc3/

Пікір үстеу