«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 8 сәуірдегі №174 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.
- ПМПК-ға тікелей жүгіну арқылы
- 8 (7102) 767058 телефоны бойынша
Ата-аналар және заңды тұлғалар кеңес алуға алдын ала жазу бойынша баламен және төмендегідей қажетті құжаттармен келеді.
- Баланың туу туралы куәліктің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы),
- Мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы, бар болған жағдайда),
- Денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін),
- № 112/у нысаны немесе № 027 нысаны,
- Білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме.
Тексеруден өту күні баламен бірге келген ата-ананың жеке куәлігінің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы), ата-анасы үшін және бала үшін екінші аяқ-киім, оқушыларда оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері қажет.
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып оқу бағдарламасының типі, медициналық және әлеуметтік қызметтің түрі, білім бағдарламасының типі көрсетілген жазбаша қорытынды болып табылады.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы дүйсенбі мен жұма аралығында (дүйсенбі жұма күндерін қоса алғанда), демалыс және мереке күндерінен басқа ҚР Еңбек Кодексіне сай қызмет берушінің уақыт кестесіне сай беріледі.
Мемлекеттік қызмет тіркеу журналында алдын ала жазылу бойынша көрсетіледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет жедел көрсетілмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсетудін бас тартудың негізі болып құжаттардың дұрыс болмау және ұсынылған құжаттардың мазмұны қате болған жағдайда болады.